16 маусым 2015 | 11:06

Қазақстандық қари Малайзияда өткен Құран жарысында ондыққа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚМДБ баспасөз қызметі © ҚМДБ баспасөз қызметі

Қазақстандық қари Малайзияда өткен Құран жарысында ондыққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық қари Малайзияда өткен Құран жарысында ондыққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемнің 60-тан астам мемлекетінен жиналған қарилар Малайзия елінде халықаралық сыннан өтті. Осымен 57-ші рет ұйымдастырылған Малайзия халықаралық Құран жарысы өз жеңімпаздарын анықтады. Еліміздің намысын қорғау үшін аттанған Шохан Уәлиев іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, 4 күнге созылған ақтық сайыста бақ сынады. Ол  алғашқы ондықтың қатарынан табылды.

"Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мамандарының сенімі мен ел үмітін арқалап Малайзияға аттанған қазақстандық қаридың финалға шығуы үлкен жетістік болды. Қасиетті Құран жаттау мен көркемдеп оқу бойынша екі бағыттағы сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген 100-ден аса хафиз-қари жиылып білімдерін сарапқа салды. Маусымның 6-16 аралығын қамтыған халықаралық бәйгеде Құран Кәрімді бүкіл ереже-қағидаларын сақтай отырып, жатқа оқудың іріктеу сынына қатысқан үміткерлерден тек 30 хафиз финалға өтті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен сайыс жеңімпаздарын марапаттауға Корольдің өзі келіп, сыйлықтарды табыс етті. Бірінші орынды - Катар, екінші - Кувейт, үшінші орынды Тунис мемлекетінің хафиздері иеленді, яғни алдыңғы орынды араб мемлекеттері еншіледі, ал сайыста ТМД елдері арасынан Қазақстан ғана алғашқы ондыққа енді. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети