28 тамыз 2015 | 19:05

Қазақстандық кәсіпкер отандық өндірушілерді қолдау мақсатында "Мен жауап беремін" атты бағдарлама ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев қазақстандық өнімдердің сапасын тексеріп, отандық өнімдерді қолдау үшін "Мен жауап беремін" атты бағдарлама шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бағдарлама туралы Facebook парақшасында айтты, сонымен қатар мұны Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен байланыстырды.


Иконка комментария блок соц сети

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев қазақстандық өнімдердің сапасын тексеріп, отандық өнімдерді қолдау үшін "Мен жауап беремін" атты бағдарлама шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бағдарлама туралы Facebook парақшасында айтты, сонымен қатар мұны Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен байланыстырды.

Сейсембаевтың айтуынша, тұтынушылар өндірушілерге қатысты рейтингтер мен сыйлықтарға сенбейді. Сондықтан да ол әлеуметтік желі қолданушыларынан келесі талаптарға сай өнімдерді ұсынуды сұрады - тауардың сапасы, тауар сапасының бұзылмайтыны, өнімді өндіру үшін қолданылатын ингредиенттердің сапасы, өнімді өндіру процесінің дұрыс жолға қойылғаны.

Сейсембаев қолданушылар ұсынған отандық өнімдерді өзі тексеретінін айтты. "Өнім жоғарыда айтылған талаптарға сай болса, оған "Өзім жауап беремін" деп аталатын белгі қойылады. Мұндай өнімді жүрген жерімде айтып жүремін. Тек тұтынушыларға емес, банктерге, мемлекеттік органдарға да. Мұндай компанияны әрдайым қолдап жүремін. Бұл үшін өзімнің барлық мүмкіндігімді пайдаланамын", - деді кәсіпкер.

Сонымен қатар, бағдарлама авторы қаржылық жағдайға қатысты мәліметтерді жарияламайтынын, таратпайтынын айтты. "Нарықта ұсақ өндіріс орындары көп. Бұлардың өнімдерінің сапасы технологиялық процестің дұрыстығына емес, шебердің жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан, сауда айналымы 1 миллион доллардан кем компанияларды қарастырмаймын", - деді Сейсембаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети