Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды Фото: instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан МҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

МҰҚК комитеті мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер және "Симирам" демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланған.

Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың "Братский круг" халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.

Таиров Қамчы Көлбаевтың қылмыстық әрекетін біле тұра, онымен бірлескен бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының қожайыны ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелерді үнемі беріп отырған.

"Я. Таировқа қатысты жиналған материалдардың негізінде Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысы бойынша сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, сондай-ақ ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздестіруге, оның ішінде мемлекетаралық және Интерпол ҰБО желісі бойынша жарияланды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети