21 мамыр 2021 | 12:00

Қазақстандық кәсіпкерлер неге Chevrolet-ті таңдайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның іскерлік орталығы - Нұр-Сұлтанда күн сайын ондаған келісім, жүздеген тапсырыс пен келісімшарт жасалады. Бірақ іскер астаналықтар қалайша бәріне үлгеріп жүр? Шын мәнінде мәселе тек уақытты дұрыс бөлуде емес, сондай-ақ автокөлікті де дұрыс таңдай білуде. Chevrolet маркалы автокөліктер уақытты үнемдеп, жайлылық сыйлап қана қоймай, одан бөлек, ешқандай қиындық тудырмайды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның іскерлік орталығы - Нұр-Сұлтанда күн сайын ондаған келісім, жүздеген тапсырыс пен келісімшарт жасалады. Бірақ іскер астаналықтар қалайша бәріне үлгеріп жүр? Шын мәнінде мәселе тек уақытты дұрыс бөлуде емес, сондай-ақ автокөлікті де дұрыс таңдай білуде. Chevrolet маркалы автокөліктер уақытты үнемдеп, жайлылық сыйлап қана қоймай, одан бөлек, ешқандай қиындық тудырмайды.

Такси

Қазақстандағы таксиге тапсырыс беру бойынша ең ірі қызмет алты айдан бері елордадан жаңа көліктер сатып алғанда, олардың таңдауы Chevrolet Cobalt көлігіне түскенін айтты.

"Неліктен біз Chevrolet Cobalt автокөлігін таңдадық? Қаржы бойынша тиімді және қызмет көрсетуі де қолайлы. Қолданылған автокөліктердің бағасы сондай-ақ. Сол ақшаға жаңа автокөлік сатып алған дұрыс қой. Солай емес пе? Оның үстіне жүргізушілерге жаа көлікте отырған жайлы, тіпті жолаушыларға да жаңа көлікте отырған ыңғайлы. Біз Нұр-Сұлтанда тек Chevrolet Cobalt сатып аламыз. Бұған дейін ешқандай қолайсыздыққа тап болмаппыз", - дейді Нұр-Сұлтандағы Такси Region басқарушысы Самат Қолымбетов.

Анар Оспанова сегіз жылдық тәжірибесі бар жүргізуші. Ол да Такси Region компаниясында жұмыс істейді және Chevrolet Cobalt жаңа көлігін тізгіндеген. Анар үшін  автокөліктің жайлылығы мен ыңғайлы болуы ұсақ-түйектен басталады.

"Бұл көлік қараңғы кездері жолда кетіп бара жатқанда жарықты жақсы береді. Кондиционері бар, 6-жылдамдықты автоматты қорап. Орындығы реттеледі. Көлік жолда жақсы, рөлді бір қолмен-ақ ұстап отыра беруге болады. Көлік амортизацияның арқасында жеңіл жүреді. Жанармай шығыны басқа көліктерге қарағанда екі есе аз. Көліктің өзі жаңа, 2020 жылғы", - дейді Анар.

Тек жаңа піскен көкөністер

Кәсіпкер Абзал Утиев күн сайын елордалық мейрамханалар мен дүкендерге көкөністер мен көкшілік тасымалдаумен айналысады. Ол үшін сыйымды, шағын және ыңғайлы автокөлік таңдау маңызды болды. Оның таңдауы Chevrolet Damas-қа түскен. 

"Автокөлік 7 орынды, сыйымды. Азық-түлік те, адамды да тасымалдауға ыңғайлы. Таңертең базардан мейрамханалар мен дүкендерге тез жетіп аламын. Ешқандай проблема жоқ. Мен ескі емес, жаңа көлік сатып алғым келді. Себебі ескі көліктер сынып, тасжолдың бойында қалуың мүмкін. Ал маған тапсырысты дер кезінде жеткізу керек. Сондықтан салоннан жаңа көлік сатып алдым. Қайда барсам да, 3-5 жылда ешқандай мәселе туындамайтыны анық", - дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар, Абзал Chevrolet Damas-ты тиімді несие арқылы, 20 пайыз алғашқы жарнасын салып сатып алғанын айтады. Қалған соманы ол бес жылдың көлемінде төлейді.

"Төрт балам бар. Демалыста қалада қыдырып, саябаққа барамыз. Көлік кең ғой, отбасымызбен сыйып кетеміз", - дейді Абзал.

Жылдам әрі ыңғайлы

Астаналықтар жиі қолданатын тағы бір такси сервисі - Яндекс Такси. Біраз жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Нұрсұлтан Мұқатасов клиенттерінен қалайша жоғары баға алатынын айтты.

"Мамырда Chevrolet Nexia айдап жүргеніме бір жыл болады. Автокөлік қала үшін де, қалааралық саяхат үшін ыңғайлы. Бұл көліктен ешқашан мәселе тумады. Көлік биік, сондықтан бір жерден шұңқырды байқамай қалсам да соғылмайсың. Әрине, жаңа көлік ескі көлікке қарағанда жақсы. Тіпті мысал ретінде климатты алсақ. Былтыр қыста алғаш рет осы көлікпен жүрдім. Бұрынғы көліктер суықта қатып қалатын, ал Chevrolet Nexia қақаған суықта да жұмыс істеп тұрды", - дейді Нұрсұлтан.

Біз Нұрсұлтаннан сұхбат алғанда ол диагноз жасау үшін Chevrolet автосалонындағы ресми қызмет көрсету орталығына барды.

"Ештеңені жөндеуден өткізудің қажеті жоқ, тек майын ауыстырдым. Ол тез жасалады, бұл уақытта мен жоғары шығып, шай ішіп аламын. Басқа ТЖО-лардың жұмысы салақ, қандай да бір бөлшегі шашылып жатады. Ал бұл жерде бәрі таза, жинақы. Мен риза болдым", - дейді астаналық тұрғын.

Кәсіпке таптырмас

Автокөлік салонында біз Chevrolet Cobalt сатып алушысын кезіктіріп қалдық. Дархан Қажыұратов көлікті кәсібі үшін сатып алайын деп жатқанын айтады.

"Мен Степногорск қаласындағы фирмада жұмыс істеймін, ол ауылшаруашылық сегментімен байланысты. Автокөлікті сату бойынша менеджерлер үшін сатып аламыз, олар өңірлерге барып, біздің өнімді сатады. Көлік бағасы бойынша тиімді. Сондай-ақ, ол сенімді деп санаймыз. Сондықтан таңдауымыз осыған түсті. Бұл көліктің отын шығыны үнемді, бұл өте маңызды, себебі бағана айтқанымдай, біздің қызметкерлер аймақтарға барып тұрады. Біз көрсетілетін қызметке ризамыз, барлығы жылдам", - дейді Дархан.

Сонымен қатар, Дархан неліктен таңдауы ескі көлікке емес, салондағы жаңа көлікке түскенін түсіндірді.

"Жаңа көліктің аты жаңа көлік. 3-5 жыл ешқандай жөндеусіз жүре беруге болады. Жаңа көлік сатып алғанда қызмет көрсетуі, кепілдігі болғаны маңызды, жөндеу жұмысын жүргізе аламыз", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети