Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары кәсіпкерлерге жарнама мәтіндерін қазақ тіліне тегін аударуға көмек ұсынады.
"Emle.kz", "Tilalemi.kz" сайттарында "Маманның көмегі" деген бөлім бар. Сонда аударуға қажетті мәтінді жіберуге болады. Алдымен тіркеліп, сосын ғана мәтінді жіберу керек. Мамандар мәтінді аударып, бірден орфографиялық қатенің бар-жоғын тексереді. Біз осындай көмек көрсете аламыз", - деді Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.
Ал орталық директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы әдіскерлердің жарнама ұрандарын тек аударуға емес, мәтінді өздері құрастыруға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз аударманың не екенін ұмытуымыз қажет. Егер де бізге болашақта кәсіпкер қазақ тілінде жарнама мәтінін құрастыру туралы өтінішпен келсе, біз оны орындауға дайынбыз. Ал егер кәсіпкер біздің сайтқа оған белгілі бір тауарға қазақ тіліндегі жарнама мәтінін дайындау қажеттігі жайлы жазса, ол жұмысты тегін орындаймыз. Бастысы, хабарлама жіберуші өз тауарын сипаттап беруі қажет. Сосын біз жарнама мәтінін қазақ тілінде жазамыз", - деді Оразкүл Асанғазы.