Қазақстандық кинооператор және режиссер Игорь Вовнянко 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фотограф Николай Постников Facebook-де жазды.
Қазақстандық кинооператор және режиссер Игорь Вовнянко 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фотограф Николай Постников Facebook-де жазды.
"Игорь Александрович Вовнянко дүниеден өтті", - деп жазды Постников.
Режиссер қайтыс болғанын Мәдениет және спорт министрлігі растады.
Игорь Вовнянко БМКИ-ді тәмамдаған. Куйбышев телестудиясында, 1971 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында оператор болып жұмыс істеді. 1974 жылдан бері - КСРО Кинематографистер одағының мүшесі. 2005 жылдан Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы болды.
Қоюшы-оператор ретінде "Ерекше күн" (1971), "Көкжиек" (1973), "Қайдасыңдар, шабандоздар" (1974), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1977), "Жылан жылы" (1982) секілді кинофильмдер мен бірнеше телевизиялық фильмдерді ("Жеңімпаз", 1979; "Қауын", 1982; 4 сериялы "Шоқан Уәлиханов" 1983 - 1985; "Дермене", 1986, т.б.) түсірді. Сонымен қатар, "Қүмшағыл тарихы" (1986), "Австриядағы кездесулер", "Теңіз" (екеуі де 1987) деректі фильмдерінің сценарийін жазды және режиссері болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!