Қазақстандық қоғам белсенділері науқас сәбиді Үндістанға жеткізу үшін ұшақ тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қоғам белсенділері науқас сәбиді Үндістанға жеткізу үшін ұшақ тапты

Қазақстандық қоғам белсенділері науқас сәбиді Үндістанға жеткізу үшін ұшақ тапты. Бұл туралы "ДОМ" қайырымдылық қорының басшысы әрі қоғам қайраткері Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қоғам белсенділері науқас сәбиді Үндістанға жеткізу үшін ұшақ тапты. Бұл туралы "ДОМ" қайырымдылық қорының басшысы әрі қоғам қайраткері Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, осыған дейін астаналық үш жасар Аңсар Калелдің ата-анасының науқас сәбиді Үндістанға жедел түрде жеткізе алмай отырғаны хабарланған болатын.

"Ұшақ табылды. Рахымбаев Айдын (Айдын Рахимбаев) Сізге көп рақмет!!!", -деп жазды Аружан Саин.

"Біз өкпесіне ота жасалуы тиіс Аңсарды Үндістанның Ченнай қаласындағы Фортис деп аталатын клиникаға жеткізу үшін ұшақ іздедік. Себебі сәбидің өкпесі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ұшақтағы тасымалдау ережелеріне сәйкес, ұшақ өзімен бірген оттек баллоны мен аппаратты алып жүре алмайды. Жеке ұшақ керек. Кеше біз осындағылардан, яғни Facebook желісінде көмек сұраған болатынбыз. Қазір маған BI Group басшысы Айдын Рахымбаев хабарласты. Ол сәбиге көмек көрсете алатынын айтты", - деп жазды Аружан Саин.

Сонымен қатар, Аружан Саин қазіргі уақытта сәбидің анасы Мәншүктің реаниматологтар жайлы және визаға қатысты мәселелерді сұрастыратынын айтты. "Біз де өз тарапымыздан әуежайдағылармен келіссөздер жүргізетін боламыз", - деді Аружан Саин. Сондай-ақ, қайырымдылық қорының басшысы Талғат Қожахметов, Тоты Әміроваға және осы мәселе бойынша көмек көрсетіп жатқандардың барлығына алғыс айтты.

Айта кетейік, осыған дейін науқас сәбидің ата-анасы шенеуніктерден көмек сұраған болатын. Олар ҚР Үкіметіндегілерден осы мәселені шешуге көмектесулерін сұраған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети