Қазақстандық қолынан айырылған компаниядан протез үшін 28 миллион теңге өндіріп алды

Қазақстандық қолынан айырылған компаниядан протез үшін 28 миллион теңге өндіріп алды Фото:depositphotos.com

Алматы облысында сот жазатайым оқиғадан кейін жұмыс берушіні қызметкеріне 28 миллион теңгеге протез сатып алуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысында сот жазатайым оқиғадан кейін жұмыс берушіні қызметкеріне 28 миллион теңгеге протез сатып алуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Істің мән-жайы

Қазақстандық өндірісте ауыр жарақат алып, салдарынан қолынан айырылған. Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылуы және тұрақты протездеу қажеттілігі анықталды.

Жарнама
Жарнама

Сот жарақаттың еңбек міндеттерін орындау кезінде алынғанын анықтады. Сондай-ақ, талап қоюшының функцияларды қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін жоғары технологиялық протезге мұқтаж екені расталды.

Сот шешімі

Іле аудандық соты ЖШС-ні шешім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде өз қызметкері үшін бағасы 28 606 425 теңге болатын микропроцессормен басқарылатын көп ұстағышты қол протезін дайындауға және сатып алуға "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ-мен келісімшарт жасасуға, сондай-ақ ЖШС-ні протездеу кезеңінде медициналық стационарда тұру шығындарын қоса алғанда протез құнын төлеуге міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама