ҚР Ұлтық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сары майды қолдан жасау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ұлтық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сары майды қолдан жасау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "VKV Company" ЖШС отандық компаниясының жалған сары май өндіру фактісін анықтады. Жоғарыда көрсетілген компания көтерме базарлардан әртүрлі өндірушілердің майларын сатып алған және оларға спредтер мен басқа да өнімдерді қосу арқылы қайта өңдегеннен кейін майды танымал белоруссиялық сүт өнімдерін өндірушілердің қаптамасына ораған.
Осылайша "Лепельский МКК" ААҚ, "Слуцкий ірімшік комбинаты" ААҚ белоруссиялық сүт кәсіпорындарының тауар белгілерін заңсыз пайдаланған. Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қазіргі уақытта компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізуде, оның қорытындысы бойынша әкімшілік жазалау шарасын қолдану туралы мәселе шешілетін болады.