28 қаңтар 2014 12:02

Қазақстандық консервіленген етке қатысты шындық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кублей" компаниясының өнімі "Кублей" компаниясының өнімі

Депутат қазақстандық консервіленген етке қатысты ащы шындықты ашып берді. Отандық "Кублей" компаниясының ет консервісіне қазақстандық бір жапырақ ет те қосылмайды екен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Владислав Косарев "Мегаполис" газетіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл кәсіпорынның консервіленген еттерінің барлығы әр келісі төрт долларға бағаланған (шамамен 620 теңге) Перулік еттен жасалынған. Депутаттың сөзінше, қазақстандық фермерлер әр келі етін 700-800 теңгеге бағалап отыр. Ал бұл сомамен сатып алатын болса, компанияға пайда түспейді. "Егер біз бұлай өмір сүре берсек, онда тұтынушыларымыздың қажеттігін жат елдің өнімімен толтырып, ал өзіміздікі сатылмай қалады. Сондықтан біздің ет өнімдеріміз арзан болуы үшін Перу елімен бәсекеге түсуіміз керек. Шын мәнісіне келгенде, Қазақстан өзінің табиғи қоры арқылы 50-60 миллион халықты қауіпсіз тамақ өнімімен қамтамасыз ете алады. Біз қазір небәрі 16 миллион халықтың қажеттілігін өтеу үшін әлемге тіленіп отырмыз. Ресейден жұмыртқа аламыз, Африка елдерінен ет сатып алып отырмыз. Сонда өзіміздің өнімдеріміз қайда?",- дейді халық қалаулысы. "Халық коммунистері" фракциясының жетекшісі енді бұл мәселені ретке келтіру үшін отандық мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету керек деп есептейді. Бұл үшін депутат табиғи өнімдерді жер иелерінен мемлекеттің пайдасына алуды ұсынды. "Әр мың гектар егістіктік жерден еліміз 70-85 келі ет, 120-150 литр сүт және 200-220 дана жұмыртқа алу керек",- дейді депутат. Сөз болып отырған "Кублей" ЖШС Орал қаласында орналасқан. Кәсіпорын ет және балық консервілерін шығаруға маманданған. Компания сайтындағы хабарландыруға сенсек, олар өздерінің өнімдерін тек Қазақстанда ғана емес, алыс және жақын шет ел нарығына да шығарып, сатып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети