06 ақпан 2019 | 16:27

Қазақстандық көпбалалы аналар билікке үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада көпбалалы аналар жедел түрде пәтер беруді талап етіп жатыр. Олар әкімдік өкілдеріне жасаған үндеуінде өмір сүру жағдайларының төмен екенін айтып, өздерінің ұсыныстарын жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада көпбалалы аналар жедел түрде пәтер беруді талап етіп жатыр. Олар әкімдік өкілдеріне жасаған үндеуінде өмір сүру жағдайларының төмен екенін айтып, өздерінің ұсыныстарын жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпбалалы аналар әкімдік өкілдері мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілермен Астанадағы қалалық әкімдіктің маңындағы филармонияда кездесті. Елордалық әйелдер үндеулерінде отбасындағы әр балаға ай сайын 20 мың теңге көлемінде жәрдемақы беруді, олардың тегін тамақтануын, оқушылар үшін қоғамдық көліктерді тегін етуді, сондай-ақ, ЖОО-ларда тегін білім алу мүмкіндігін беруді, аналар мен балаларға емді тегін етуді талап етеді.

Бірақ олардың басым бөлігі пәтер сұрап отыр. Көпбалалы аналар мемлекеттен үш және одан да көп баласы бар отбасыларға тегін баспана беруді ұсынады. 

"Жеті баланың анасымын, кенжесі - 9 айлық. Ешқашан жұмыс істемегенмін, күйеуім құрылыста жұмыс істейді. Жетінші балама жүкті болғанда, ол жағдайымыздың жоқтығына шыдай алмай, бізді тастап, кетіп қалды. Алимент төлегісі келмейді. Өзім саяжайда тұрамын. Үйім суық. Кенже балам ауырады. Үйді жылыта алмаймын. Пәтерге кезекке тұрғаныма 9 жыл болды, маған қашан пәтер береді?", - деді 39 жастағы Әсем Мырзахметова.

Мырзахметованың айтуынша, ол әлеуметтік көмек ретінде айына 70 мың теңге алып отырады. Бірақ ол ақшпа жеті балаға жетпейді екен.

"Қызым колледжде оқиды, ақылы түрде оқиды -195 мың теңге. Бірақ қазір екінші тоқсанда сабаққа барып жүрген жоқ, себебі оқудың ақшасын төлей алмадым. Оны енді оқудан шығарып жібермекші. (...) Қандай жағдайда тұрып жатқанымызды келіп көрсін. Қазір қалтамда тіпті 200 теңге де жоқ", - дейді әйел.

"Мемлекеттен ештеңе керек емес, одан гөрі пәтер берсін. Маған пәтер керек, басқа ештеңе керек жоқ", - деп көз жасын алды Әсем Мырзахметова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері өз кезегінде көпбалалы аналардың өтініші қараусыз қалмайтынын айтты.

"Әлеуметтік көмек берудің қазіргі жүйесін барлығыңыз білесіздер. Ендігі мәселе осы жүйені жетілдіру. Сондықтан біз бүшін біздің аналар айтқан ұсыныстарды қарастырамыз. Әрбір ұсыныс қаралып, таяуда барлығы реттеледі", -  деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов.

Еске салайық, мұның алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова қазақстандық көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны Ресейдегі ана капиталымен салыстыру себебін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, "Күміс алқа" мен "Алтын алқамен" марапатталған аналарға берілетін өтемақы мемлекеттің ана мен балаға көрсетіп отырған көмегінің тек бір бөлігі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course up  546.67  course up  5.21  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer