09 сәуір 2018 | 19:29

Қазақстандық курсанттар халықаралық олимпиадада екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың 6 сәуірінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылдың 6 сәуірінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық олимпиадаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 7 елінен командалар қатысты, олар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы.

ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу мен ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтың тікелей жетекшілігімен өткізілген олимпиаданың негізгі мақсаты, әскери-оқу орындарының офицерлік құрамның сапалы дайындығына үлкен көңіл бөлу, әскери мамандарды сапалы түрде дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру болып табылады.

2018 жылдың 4 сәуірінде олимпиада барысында "ТМД қатысушылары - мемлекеттердің әскери-оқу орындарында кадрларды дайындау жетілдіру: проблемалар, оларды шешу жолдары және келешегі" тақырыбында халықаралық ғылыми - тәжірбиелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысына ТМД қатысушылары - әртүрлі мемлекеттердің ғалымдары және оқытушылары, әскери ЖОО-ның курсанттар командаларының жетекшілері қатысты. Мәжілістерде және секцияларда 96 баяндама мен хабарламалар тыңдалды. Баяндамаларда әскери білім және ғылым жай-күйінің мәселелері, ТМД мемлекеттердің әскери ЖОО-да жаратылыстану-ғылыми және инженерлік пәндерді оқыту мәселелері баяндалды. Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамымен курсанттардың ғылыми қызмет саласындағы өзекті мәселелері қарастырылды.

Осымен екінші рет Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшысы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлының басшылығымен өткізілген халықаралық олимпиадада, институт курсанттары екі жыл қатарынан екінші орынды иеленіп келеді. ТМД халық-аралық аренасында курсанттарымыздың үздік нәтижелер көрсетуі, институт қабырғасындағы оқытушы-профессорлар құрамының жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлігін айқындайды. Оның бір дәлелі жуырда 2 курс курсанттар командасы, Армения Республикасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының арасында ағылшын тілінен ІV халықаралық олимпиадасына қатысып, абсолютті командалық есепте жеңісті үшінші орынды иеленіп келгендігі.

2 сәуірден бері ТМД елінің курсанттары 3 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынады. Қарсыластарымыз өз елдерінде өткен байқаудың жеңімпаздары болатын. Абослюттік командалық біріншілікте I орынды Ресей Федерациясы иеленді; II орын - Қазақстан Республикасы; III орын - Өзбекстан Республикасы жеңіп алды. 

Ауқымды шараға қазылық етуге ТМД қатысушы мемлекеттерден келетін командалардың жетекшілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының бейіндік ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері мен азаматтық жоғары оқу-орындарының профессорлық-оқытушылары төрағалық етті.

Сайыс барысында қатысушы командалар мен қонақтарды Алматы қаласындағы Республикалық мұражайларға, бірінші Президент саябағына, Медеу, Көктөбе демалыс орындарына тамашалату іс-шаралары ұйымдастырылды. Институттың көркем өнерпаздар тобы және Ұлттық Ұлан жанындағы "Генерал" ансамбілінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Олимпиаданың салтанатты жабылуы Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті.

Сайысқа қатысушыларды құттықтауға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери білім және кадр департаментінің бастығы полковник Көпбаев Қайрат Рашидұлы мен Ресей Федерциясының Қорғаныс министрлігі ТМД қатысушы елдері білім координациясы комитетінің төрағасы-кадр басқармасының басшысы генерл-полковник Горемыкин Виктор Петрович шығып екі елдің қорғаныс саласының басшыларының алғыс хаттарымен құттықтауларын жеткізді.

Жеңіпаздарды марапаттауға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тарапынан Әуе қорғанысы күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Исмайлов Серік Базарбекұлы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Джумакеев Алмаз Дженишевич, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы, Құрлықтық әскерлері әскери институтының бастығы полковник Серік Асанов, Республикалық Б.Момышұлы атындағы "Жас ұлан" мектебінің басшысы полковник Батырбаев Манат Болатұлы. Ресей тарапынан Ұжымдық қауіпсіздк келісімі ұйымының штаб бастығы генерал-полковник Сидоров Анатолий Алексеевич, ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесі хатшыларының бөлім басшысы полковник Пивень Олег Алексеевич және бірқатар қорғаныс саласының офицерлері қатысты.

Олимпиаданың салтанатты жабылу кешіне елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, "Салтанат" би ансамбілі, ҰҚК Шекара академиясының өнерпаздар тобымен қатар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары өнерін көрсетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети