Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға ұшып шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға ұшып шықты Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 45 қызметкері, оның ішінде кинолог пен үш ит үйінді астынан адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін Ауғанстанға ұшып кетті.

"Кеше жиналып, барлығын көлікке салып, торларды салып, жұмыста жоқ адамдарды шақырттық. Бір сағаттың ішінде дайын болдық", - деді Республикалық жедел құтқару жасағы кинология бөлімінің бас құтқарушысы Дмитрий Денисов.

Оның айтуынша, бұл екінші сапары.

"Бірінші Түркия болды. Мен Түркияға екі рет бардым. Бірінші рет 1999 жылы. Негізінен Қазақстан бойынша жұмыс істейміз. Таразда болдым. Негізінен Алматы мен Алматы облысында", - деді Денисов.

Құтқарушыларға адамдарды үйінді астынан құтқаруға Чарли (Лабрадор), Джейкоб (бельгиялық овчарка) және Евро (бельгиялық овчарка) иттер көмектеседі.

Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети