Қазақстандық құтқарушылардың иті Түркияда үйінді астынан адам іздеуге көмектесіп жүр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Джейкоб есімді қазақстандық ит үйінді астынан адамдарды құтқаруға көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Джейкоб есімді қазақстандық ит үйінді астынан адамдарды құтқаруға көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, қазақстандық құтқарушыларды тағы бір объектіге тарту туралы шешім қабылданды. Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй.

"Бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы сигнал берді.

Джейкобтың сигналы негізінде "тыныштық минутын" жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге арналған", - делінген хабарламада.

Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети