Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй елімізден қалыңдық іздеп Бейжіңнен келетін күйеу жігіттер туралы шыққан жарнамаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй елімізден қалыңдық іздеп Бейжіңнен келетін күйеу жігіттер туралы шыққан жарнамаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мұндай ұйымның бар-жоғын әзірше білмеймін. Бірақ бір білерім, бұрыннан екі ел арасында осындай жағдайлардың болғанына куәмін. Көптеген сіздердің азаматтар кәсібі бойынша, білім алуға барып (Қытайға - авт.), сонда қалып қойып жатады. Олар сонда өмір сүріп, өз салт-дәстүрін ұстанады. Жергілікті тұрғындар солар арқылы қазіргі заманауи Қазақстан туралы, салт-дәстүрімен, өмір сүру салтымен танысып, естіп-біліп жүр. Бұл өте пайдалы іс. Біз мұндайға ешқашан тоқтау қойған емеспіз, бұл өздігінен болатын құбылыс. Менің ойымша, бұл өте жақсы іс. Бұл дегеніміз екі елдің арасында дәстүрлер достығы бар деген сөз және бұл өз жемісін беріп те жатыр. Менің білетінім, Қытайдан қазақтар осында келіп жатыр. Олардың арасында да жергілікті тұрғындарға үйленгендері бар. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі", - дейді елші.
Қытайлықтар үшін өзге елдің қыздарымен танысу қалыпты жағдай ма деген сұраққа, ол былай деп жауап берді: Бұл дұрыс тәжірибе (аралас неке - авт.) бірақ бұл адамның жеке шаруасы. Қытай жақтан мұндай қадамға баруға ешкім тосқауыл болмайды, барлығы тек алға дейді. Егер бұл екіжақты іс болса, онда бұл тым жақсы болар еді", - деді Чжан Ханьхуэй.
"Қазақстанның қыздары өте әдемі, нәзік. Олардың білімі жоғары, шығыс менталитеті бар. Олар отбасын жақсы көреді, ата-анасын құрметтейді, үлкендерді сыйлай біледі. Дәстүр бойынша екі ел арасында ұқсастықтар өте көп", - деп қорытындылады ол сөзін.
Еске салайық, осыған дейін Астанада Қытай азаматымен танысуға дайын қыздар мен әйелдер тобын жинастырып жатыр деген хабар тараған болатын. Осындай мазмұндағы хабарлама Facebook әлеуметтік желісіндегі "Доска объявлений Алматы, Астана" паблигінде жарияланған. Хабарламада Бейжіңнен келген дөкей жігіттер тобы қазақстандық қыздар мен шынайы қарым-қатынас құру үшін келе жатқаны айтылады.