Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге бір жылда үш мыңнан аса шағым түскен. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге бір жылда үш мыңнан аса шағым түскен. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік ақпараты бойынша, шағымдар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты көп түседі.
Сонымен қатар, өтініштерді қарау тәртібі мен бос мемлекеттік лауазымдарға байқау өткізу ережелерін бұзу бойынша шағымдар бар.
Тізімде қызметтік этика нормаларын бұзу жағдайлары да бар. Шенеуніктер дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін тәртіптік жазаға тартылады.
"Жоғарыда көрсетілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша, жасалған әрекеттің ауырлығына қарай мемлекеттік қызметшілерге - ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату түріндегі жаза қолданылуы мүмкін", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Былтыр қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге 6 931 шағым түскен.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеунік Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, темекі тұқылын жерге лақтырған ролик тараған болатын. Кейін әкімдік қызметкеріне айыппұл салынып, оны жазалауға уәде берілген еді.
Сондай-ақ, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күні Талдықорған тұрғындарын ашуландырған болатын. Жанжалдан кейін шенеунік қала тұрғындарынан кешірім сұрады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!