25 маусым 2016 | 20:00

Қазақстандық мергендер "Алтын Үкі - 2016" сайысының нағыз жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Алтын Үкі - 2016" IV халықаралық мергендік жұптар сайысы жалпы және жеке сынақтар бойынша қазақстандық әскери қызметшілердің абсолютті жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Алтын Үкі - 2016" IV халықаралық мергендік жұптар сайысы жалпы және жеке сынақтар бойынша қазақстандық әскери қызметшілердің абсолютті жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай, АҚШ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания және Пәкістан елдерінің үздік мергендерімен өткен лайықты жарыста жеңіске жеткен Қазақстанның күштік ведомстволары, біздің әскери қызметшілер кезекті рет өз істерінің кәсіби шебері екенін дәлелдеді.

Мергендік жұптар арасындағы жалпы командалық сынақта Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты 20030 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік екендерін көрсетсе, ал екінші және үшінші орынды - 22750 әскери бөлімінің мергендері иеленді. Бұдан кейінгі орындар - 35950, 32356 әскери бөлімінің командаларына және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командаларына бұйырды. Сегізінші орын - Беларусь Республикасының, ал тоғызыншы және орыншы орындар - Қытай Халық Республикасының командаларына бұйырды.

Бұдан кейінгі орындарды АҚШ, Ресей Федерациясы, Пәкістан мен Ұлыбритания елдері алды. Қазақстанның күштік ведомствалары арасында бірінші орын - ҚР ҚК 20030 әскери бөлімінің командасына тиесілі болды, ал екінші орын - ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне бұйырды, үшінші орынды - ҚР ІІМ Ұлттық ұланы иеленді.

Осындай кәсіптегі түрлі елдердің өкілдерімен өзара тәжірибе алмасу жарыс барысында ең бастысы деп қатысушылар атап өтті. Мергендер өздерінің кәсіби іс-қимылында қолданатын тәжірибелерімен, машықтарымен, жаңа амал-айлаларымен және практикалық іс-қимылдарымен бөлісті.

Еске салайық, "Алтын Үкі - 2016" IV халықаралық мергендік жұптар сайысы 2016 жылғы маусымның 20-сы мен 24-і аралығында өтті. Жарыс барысын Үндістан мен Түркия өкілдерінің бақылаушылары қадағалады. Бұл жарысқа 21 команда қатысты. Бір апта бойы "Алтын Үкі - 2016" сайысына қатысушылар түрлі күрделі 14 жаттығудан құралған 5 кезеңнен өтті. Мергендерге дене төзімділігі мен психологиялық беріктікті сынайтын жаттығулар берілді.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети