18 қазан 2024 | 09:25

Қазақстандық миллиондаған ақшаға вейп әкеліп, Telegram арқылы сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Қостанай облысы аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Қостанай облысы аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды.

"Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған. Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу деректерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған", - делінген хабарламада.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 миллион теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленген.

"Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Тәркіленген вейптер жойылуға жатады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети