08 наурыз 2019 16:07

Қазақстандық министрлер 8 наурызда әйелдеріне не сыйлайтынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке қарсаңында әйеліме не сыйлаймын деген сұрақ жоғары қызметтегі шенеуніктерді де алаңдатады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.


Мереке қарсаңында әйеліме не сыйлаймын деген сұрақ жоғары қызметтегі шенеуніктерді де алаңдатады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Министрлер 8 наурызда қандай сыйлық жасау керек екенін айтып берді. Шенеуніктердің көбі гүл сыйлағанды құп көреді екен. 

"Гүл, махаббат, қуаныш сыйлау керек. Еркектің әйелге бере алатын басты сыйлықтары - осы", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев. 

"Ең үлкен сыйлық - шынайы сезіміңді білдіру. Одан кейін - гүл", - дейді денсуалық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

"Әрине, гүл. Менің ойымша, кез келген әйел гүлді жақсы көреді. Одан кейін, бірдеңе сатып алып, сыйлай салғаннан гөрі, өз қолыңнан жасалған сыйлық берген дұрыс", - дейді  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев. 

Барлық ер адамдар сияқты Арыстанбек Мұхамедиұлы да гүлді басты сыйлық санайды. Министр әйелін ғана емес, ел алдында жүрген қыз-келіншектерді де құттықтамақ.

"Дүниежүзінде үлкен биік белестерге жеткен Бибігүл Ахметовна, Айман Мұсақожаева, осы саладағы барлық әріптестерімді, Ольга Шишигина болсын, бәрін құттықтап шығамын. Содан кейін бірге істеп жүрген әріптестерімді де құттықтаймын. Сонымен бірге жанұямды да міндетті түрде құттықтаймын", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети