Қазақстандық МӨЗ-ді ресейлік компания жекешелендіреді ме? “ҚазМұнайГаз“ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық МӨЗ-ді ресейлік компания жекешелендіреді ме? “ҚазМұнайГаз“ жауабы Фото:depositphotos.com

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ресейлік "Татнефть" компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін жекешелендіреді деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ресейлік "Татнефть" компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін жекешелендіреді деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету есебінен мұнай өңдеу саласында және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) мұндай шешімдер көп уақытты қажет ететінін ескере отырып, бұл мәселені зерттеп жатыр. Мұндай процестер әдетте бірнеше жылға созылады. ҚМГ елімізде мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып, барлық өндіріс тізбегін бірлесіп құру үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екені белгілі. Осыған байланысты алыс және жақын шет елдердің түрлі компаниялары, соның ішінде "Татнефть" ЖАҚ қарастырылып отыр", - деп жазылған хабарламада.

ҚазМұнайГаз мәліметінше, "Татнефть" ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен құны жоғары мұнай химиясы өнімдерін шығару саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

"Татнефть" ЖАҚ "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің өндірістік қызметіне тікелей байланысты жаңа мұнай химиясы жобаларына, терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФК және ПЭТФ) өндірісіне инвестиция құюға қызығушылық танытты", - деді компания өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жеке меншікке өтуі мүмкін екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети