Қазақстандық мұғалімдерге миллиондаған қаражат төленбеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мұғалімдерге миллиондаған қаражат төленбеген Фото ©️ Турар Казангапов

Прокуратура Қостанай облысындағы білім беру саласындағы заңбұзушылықтарды жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Қостанай облысындағы білім беру саласындағы заңбұзушылықтарды жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады. Қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбеген деректер анықталды.

"Жұмыстан босату туралы бұйрықтарда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты шартты бұзу туралы көрсетілмей, еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылғаны атап өтілді. Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген.

Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төленбегені анықталды. Конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден артық төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды", - делінген хабарламада.

Қадағалау актілері бойынша 60 миллион теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілген 405 мұғалімнің құқықтары қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада төленетіні айтылды.

"Қостанай облысының прокуратурасы білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалап, анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл мұғалімдердің құқықтарын қорғауға және "Заң және тәртіп" қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети