Өңделмеген нефрит. Фото wikipedia.org сайтынан алынды
Қырғызстан қазақстанның нефриті (көкшіл түсті минерал тас) арқылы өзінің бюджетін 1,9 миллион долларға толықтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз елі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап. Табиғи тасты ашық аукционда Қытай азаматы иеленген. Ол нефрит үшін ең жоғары бағаны ұсынған. Қаражат Қырғызстан бюджетіне аударылды. Еске сала кетейік, 2012 жылдың сәуір айында Қырғызстан МҰҚК-нің антисыбайластық қызметі Қазақстаннан ұн түрінде әкелінген табиғи тас - нефриттің ірі партиясын, жалпы 16 тонна жүкті бөгеп қалған болатын. Контрабандалық нефриттің иесі қазақстандық Байдәулетовке "Контрабанда" бабы бойынша айып тағылған. Сот Байдәулетовке төрт мың доллар айыппұл және алынған нефритті мемлекеттің мүлкі ретінде алуға үкім шығарған. 2014 жылдың 25-қаңтарында мекемеаралық комиссия ашық аукцион өткізіп, сауда нәтижесінде Қытай азаматы жеңіске жеткен.
Қырғызстан қазақстанның нефриті (көкшіл түсті минерал тас) арқылы өзінің бюджетін 1,9 миллион долларға толықтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз елі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.
Табиғи тасты ашық аукционда Қытай азаматы иеленген. Ол нефрит үшін ең жоғары бағаны ұсынған. Қаражат Қырғызстан бюджетіне аударылды.
Еске сала кетейік, 2012 жылдың сәуір айында Қырғызстан МҰҚК-нің антисыбайластық қызметі Қазақстаннан ұн түрінде әкелінген табиғи тас - нефриттің ірі партиясын, жалпы 16 тонна жүкті бөгеп қалған болатын.
Контрабандалық нефриттің иесі қазақстандық Байдәулетовке "Контрабанда" бабы бойынша айып тағылған. Сот Байдәулетовке төрт мың доллар айыппұл және алынған нефритті мемлекеттің мүлкі ретінде алуға үкім шығарған.
2014 жылдың 25-қаңтарында мекемеаралық комиссия ашық аукцион өткізіп, сауда нәтижесінде Қытай азаматы жеңіске жеткен.