15 жастағы Ярослава Кравчук NASA United Space School-де Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Ол екі аптаға тағылымдамадан өтуге барған. NASA жанындағы жазғы мектептегі ұлттық жәрмеңкеде ол Қазақстан мәдениетін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 жастағы Ярослава Кравчук NASA United Space School-де Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Ол екі аптаға тағылымдамадан өтуге барған. NASA жанындағы жазғы мектептегі ұлттық жәрмеңкеде ол Қазақстан мәдениетін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Музыкалық нөмірден бөлек, қыз бешпармақ, бауырсақ пісіріп, қонақтарға "Қазақстан" шоколадын ұсынған.
Ирина Кравчуктың анасының айтуынша, қызы ұлттық тағамдарды өзі тұратын үйде әзірлеген.
"Жазғы мектепке қатысушылар ата-анасы аэроғарыш өнеркәсібі немесе білім саласымен байланысты балалардың отбасында тұрды. Ярослава NASA-ға бару арманы орындалғанына өте қуанышты. Тағылымдама барысында ғарышкерлермен кездесулер, аэроғарыш агенттігі мамандарының лекциялары, мәдени бағдарлама, спорттық іс-шаралар және Марсқа миссияны жіберу бойынша бірлескен жоба бойынша жұмыстар жүргізілді, яғни тағылымдамадан өтушілер Марсқа адамның ұшу барысын әзірлеуі керек болды. Ол үшін оқушылар командаларға бөлініп, әрқайсы өз жұмысына жауапты болды. Оларға барлық есептеулерді – Жерге ұшудан Марсқа қонуға дейін және зерттеулер жүргізуге тура келді. Қызым ұшу аппаратын қондыруға жауапты командада болды. Жобаны қорғауға USS-дің 2019 жылғы түлегі, физик Мұқатай Байжан қатысты", - деді оқушының анасы.
Ол жоба қорғаудың соңғы кезеңінде Houston Chronicle газетіне сұхбат беріп, Қазақстан, өзі туралы айтып бергенін жеткізді.
"Бәрінен бұрын Ярослава ағылшын тілі деңгейіне алаңдады әрі алғашқы күндері арнайы лексиканы үйренді, бірақ кейін қорғауда комиссияның сұрақтарына да, сұхбатқа да жақсы жауап берді. Қызыма тағылымдамадан өту бағдарламасы қатты әсер етті. Барлығы оған жақсы қарады. Астронавт Крис Хэтфилд онымен Қазақстан туралы орыс тілінде сөйлесті. Ол бағдарламаға қатысқандар арасында ең кішісі болды, бірақ павлодарлық № 8 лицейде физика және математика бойынша алған дайындығы оған барлық тапсырманы оңай орындауға мүмкіндік берді. Бітіру кезінде оған Техас штатынан өз командасының үздік студенті ретінде грамота берілді", - деп атап өтті павлодарлық.
Оқушының өзі де бұр сапарына дән риза.
"United Space School-ға қатысу - мен үшін өте керемет мүмкіндік. Бұл арманым еді, енді ол орындалды. Ғарыш соншалықты алыс емес екенін түсіндім", - деді Ярослава.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!