Білім және ғылым министрлігі өкілі оқушылар қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрлігі өкілі оқушылар қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингінде БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасатынын айтты. Оқыту түрлі форматта жүргізіледі.
"Дүниежүзілік тәжірибе мен білім берудің басымдығын ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі біздің мектептер бірінші болып ашылып, соңғы жабылуы тиіс деген қағиданы ұстанады", - деді Гүлмира Кәрімова.
Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында оқыту қашықтан жүргізіледі.
"Техника құралдарын тарату аяқталып жатыр. Білім алушылар саны 600-ден асатын басқа қалаларда да оқыту қашықтан жүргізіледі. Сонымен қатар, бұл мектептерде 1-2 сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескеріле отырып, штаттық режимде оқиды. Біз 1,2-сыныптардың 6-7 жастағы оқушылары компьютерді қосып, өздігінен тікелей білім ала алмайтынын жақсы түсінеміз.
3 және 5-сынып оқушылары үшін кезекші топтарда не істеу керегі туралы шешім шығарылды. Қалған білім алушылар қашықтан оқыту форматына көшіріледі. 600 оқушыдан аспайтын мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық ауыл мектебі штаттық режимде білім береді", - деп мәлімдеді БҒМ өкілі.
Еліміздің жоғары оқу орындарында көктемгі семестр 2022 жылдың 24 қаңтарында басталады. Бұл жағдайда университеттер каскад әдісін қолдана алады. Яғни, студенттер көп жиналмауы үшін сабақ оқу курсы/дайындық бағытына байланысты 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңмен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, 1-курс студенттері үшін оқу 24 қаңтарда басталса, 2-курс үшін 31 қаңтарда, ал 3 және 4-курстар үшін 7 ақпанда басталады.
"Көктемгі семестрде оқу дәстүрлі/аралас форматта болады. ЖОО шешімімен білім беру процесі толық дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін. Яғни, дәрістер онлайн, ал практика және семинар/зертхана сабақтар офлайн болады.
Білім алушылардың тәжірибе жұмысы тәжірибеден өтетін жерде офлайн режимде де өткізіледі. Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай болса, 7 ақпанға дейінгі мерзімде (немесе өңірдің бас санитария дәрігерінің шешімі бойынша өзге мерзімде) ЖОО-лар оқытуды онлайн режимде бастай алады, ал содан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.
Сондай-ақ, министрлік шешімімен 1-курс студенттеріне білім беру процесін онлайн түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі", - деді Гүлмира Кәрімова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!