Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үшінші тоқсандағы оқу процесінің басталу уақытын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үшінші тоқсандағы оқу процесінің басталу уақытын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде тартылған.

Республикада сайлау учаскелері 7 090 мектептің 5 522-інде; 6 651 мектепке дейінгі балалар ұйымының 143-інде; 644 орта оқу орындарының 215-інде; 125 жоғары орта оқу орындарының 53-інде, 22 мектеп-интернатың, спорт мектебінің, 114 ЖОО жатақханасының базасында, сондай-ақ 12 сайлау учаскесі басқа білім беру объектілерінде (оқушылар сарайы, шығармашылық үйі, музыка мектептері) орналасты.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында дауыс беру өткізілген ғимараттарды дезинфекциялау жүргізіледі.

"Осыған байланысты, 10 қаңтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсаны оффлайн режимде еліміздің алты өңірінде - Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкентте 11 қаңтарда басталады", - деп хабарлады комитеттегілер.

Республиканың 11 өңірінде – Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оқу 12 қаңтарда басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети