Қазақстанда пандемия кезінде балалардың шетелдік мектептерге көшуі жиілеп кетті. Алайда қашықтан оқыту режимі болса да басқа елде білім алуға болмайды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда пандемия кезінде балалардың шетелдік мектептерге көшуі жиілеп кетті. Алайда қашықтан оқыту режимі болса да басқа елде білім алуға болмайды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың бас педагогі қазақстандық ата-аналар баласына шетелден балама білім беруге болады деп ойлап жүргенін айтты. Осыдан кейін Қазақстанда "Білім туралы" заңға өзгерістер енгізілген.
"Пандемия кезінде қашықтан оқуға байланысты қазақстандық мектептерде оқытудың баламасы ретінде шетелдік оқу орындарына ауысу жағдайы жиілеп кетті. Осыған байланысты ата-аналар ресейлік қашықтан оқыту мектептерінде немесе басқа елдердің мектептерінде оқуға болады деп ойлап жүр. Бұл қолданыстағы заңға қайшы келеді. Осыған байланысты "Білім туралы" заңға өзгерістер енгізілді", - деп атап өтті Ермекбаева.
Өзгерістерге сәйкес қазақстандық ата-ана немесе заңды өкілдер баланың қазақстандық білім беру ұйымдарында немесе лицензиясы бар халықаралық мектептерде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тізімге заңнамада белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балалар кірмейді.
"Шетелдік мектептерге ауысқан Қазақстан азаматтары мен балалар Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарына оралуы қажет. Сондай-ақ, ата-ана мен заңды өкілдер баланың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті екенін қосқым келеді. "Келу" сөзі тура мағынасында оқу орнына келуі және сабаққа қатысуын білдіреді. Заң шығарушы орган "оқу" емес, "келу" ұғымын қолданған. Егер "оқуды қамтамасыз ету" сөзі қолданылса, онда ата-анаға (заңды өкілдер) қойылатын негізгі талап баланың білімді алу нысанына қарамастан білім алуы болар еді", - деп толықтырды департамент басшысы.
Гүлнар Ермекбаева тағы бір маңызды мәселені атап өтті. Конституцияға сәйкес орта білім алу міндетті болып табылады.
"Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, ата-ана баласының орта білім алатын мектептер мен колледждерге баруын, яғни физикалық тұрғыда сабақта болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ерекше білім алу қажеті бар қашықтан оқитын балалар бұл тізімге кірмейді", - деп қорытындылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мәселесі бойынша түзетулер енгізілген заңнамалық актіге қол қойған болатын. Өзгерістер 2021 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Білім министрі Асхат Аймағамбетов те Қазақстан президенті қол қойған білім беру саласындағы жаңалықтарды түсіндіріп өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!