Шет тілдері орталығында оқитын қазақстандық ондаған студент Қытайдағы оқуларына ұшып кете алмай қалды. Жәбірленушінің айтуынша, турфирма әуе компаниясы билеттеріне жалған чек берген. Әуежайда олар ешқандай орынның бекітілмегенін білді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Студенттер Emiral tours компаниясынан билет сатып алды. Екі апта бұрын біз 106 билеттің 30-ы сатып алынбағанын білдік, нақтырақ айтсам, қолымызға берген билеттегі орындар жоқ болып шықты. Ал біз тексерген кезде бұл 30 студенттің ешқайсысы рейсте жоқ екенін айтты", - деді Emiral tours компаниясының клиенті Расул Мусин.
Сонымен қатар, Түркияға баратындар да осындай жағдайға тап болған. "Біз 4 адам ұша алмадық. Ал, 10 адам кетті. Бірақ қайтарға билет жоқ. Бұл адам заңды түрде жауапкершілікке тартылсын",- деді жәбірленуші Альфия Тілеубердинова.
Жәбірленушілер полицияға арыз жазып қойды. Оқиға дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.