09 ақпан 2021 | 09:38

Қазақстандық пәтер иелері домофон қызметі ақысына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстандықтар домофон қызметі ақысына наразылық білдірді. Жылдан жылға қызмет бағасы өсіп барады. Бірақ техниканы жөндеуге қызметкерлерді жылына бір рет қана шақырады. Олардың айтуынша, сынған домофон құрылғысын нақты жөндегені үшін төлем жасалуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар домофон қызметі ақысына наразылық білдірді. Жылдан жылға қызмет бағасы өсіп барады. Бірақ техниканы жөндеуге қызметкерлерді жылына бір рет қана шақырады. Олардың айтуынша, сынған домофон құрылғысын нақты жөндегені үшін төлем жасалуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдық қорғаушы" РҚБ қалалық филиалының төрағасы Талғат Мұхамедқалиевтің айтуынша, кіреберісте домофон құрылғысы 10 жыл бұрын орнатылған. Ол кезде сервистік қызмет көрсету құны 150-200 теңге, ал қазір 350 теңге болған.

"Біздің үйде 32 пәтер бар, орташа есеппен 10 жыл қызмет көрсету бағасы 250 теңге мөлшерінде болды, яғни осы уақыт ішінде біздің үй домофон сервисінің қызметтеріне 960 000 теңге жұмсады. Бір қоңырау үшін шамамен 100 мың теңге шығады. Біз жылына бір рет қана шақырдық. Менің есептеуім бойынша, ауыстыру қажет болса, шамамен 25 мың теңге кетеді", - деп есептеді ол.

Сондай-ақ, Талғат Мұхамедқалиев есікті қуаттайтын электр қуаты да жалпы үй қажеттігінен бөлек төленетініне сенімді.

Домофонға қызмет көрсету үшін мәнсіз төлемдер туралы қоғам пікірі "Астана. Что? Где? Когда?" Facebook-парақшасында да жарияланды.

"Неге домофонға қызмет көрсету ақысы әр пәтерден ай сайын алынады, жасалған келісімшарттар бойынша алынуы керек емес пе? Оны нақты жөндегені және техникалық қызмет көрсеткені үшін", - деп сұрады Aslan Alm.

Алматы қалалық ПИК қауымдастығының заң бөлімінің басшысы Елена Ковельская домофон міндетті төлем емес екенін айтты. Ол түбіртектердегі қосымша қызмет екенін түсіндірді.

"Пәтер иелері жиналыс өткізіп, домофонға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Тек бір қиындық болады. Олар пәтерді алғанда домофон орнату және қызмет көрсету туралы келісім жасады. Сонықтан әр пәтер иесі домофонға қызмет көрсететін компаниямен шартты өз бетінше бұзуға мәжбүр болады", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети