Қазақстандық полицейлердің жалақысы қанша?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызметкерлерінің жалақысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызметкерлерінің жалақысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәілметінше, полицейлердің жалақысы Президенттің келісімі бойынша Қазақстан Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық орган үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі бойынша белгіленеді.

Ішкі істер органдары жалақысы лауазымдық еңбекақы мен арнаулы атағы үшін қосымша ақыдан тұрады дейді министрліктегілер.

Сондай-ақ, ведомстводағылар полицейлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің орташа жалақысы бойынша статистика жүргізбейтінін айттып өтті.

3-5 жыл еңбек өтілі бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы:

жергілікті полиция қызметінің патрульдік полициясы аға сержант атағы бар қызметкерлер - 125 339 теңге, басқа бөлімшелердегі қызметкерлер (арнайы мекемелер, айдауыл қызметі, Мамандандырылған күзет бөлімшелері және т. б.) - 96 112 теңге;

патрульдік полиция инспекторы капитан атағындағылар - 154 592 теңге, аудандық аумақтық органдағы қызметкерлер - 125 047 теңге;

аудандық аумақтық органның тергеушісі, жедел уәкілі капитан атағында - 158 203 теңге;

учаскелік полиция инспекторы капитан атағында - 178 324 теңге.

Сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерге тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленетіні айтылады.

Нұр-Сұлтанда бір айға тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы:

отбасында бір адам болса - 55 278 теңге (18 шаршы метр 3 071 теңгеге көбейтіледі);

отбасында екі адам болса - 110 556 теңге (36 шаршы метр 3 071 теңгеге көбейтіледі);

отбасында үш адам болса - 165 834 теңге (54 шаршы метр 3 071 теңгеге көбейтіледі);

отбасында төрт адам болса - 221 112 теңге (шаршы метр 3 071 теңгеге көбейтіледі).

Тараз қаласы бойынша (республика бойынша ең төменгі мөлшер):

отбасында бір адам болса - 19 872 теңге (18 шаршы метр 1 104 теңгеге көбейтіледі);

отбасында екі адам болса - 39 744 теңге (36 шаршы метр 1 104 теңгеге көбейтіледі);

отбасында үш адам болса - 59 616 теңге (54 шаршы метр 1 104 теңгеге көбейтіледі);

отбасында төрт адам болса - 79 488 теңге (72 шаршы метр 1 104 теңгеге көбейтіледі).

Республика бойынша (тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың орташа құнын негізге ала отырып):

отбасында бір адам болса - 27 522 теңге (18 шаршы метр 1 529 теңгеге көбейтіледі);

отбасында екі адам болса - 55 044 теңге (36 шаршы метр 1 529 теңгеге көбейтіледі);

отбасында үш адам болса - 82 566 теңге (54 шаршы метр 1 529 теңгеге көбейтіледі);

отбасында төрт адам болса - 110 088 теңге (72 кшаршы метр 1 529 теңгеге көбейтіледі).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro