Қазақстандық QazVac вакцинасының штамм құрамы өзгертіледі. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық QazVac вакцинасының штамм құрамы өзгертіледі. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үкіметтің тапсырмасы бойынша "дельта" штамы ел аумағына кірген кезде, жұмыс басталды. Клиникаға дейінгі зерттеулер толығымен жануарларға жүргізілді және вакцинадағы штамм құрамын ауыстыру жануарларда жоғары нәтиже көрсетті", - деді Күнсұлу Закария ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, қазір ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген және "вакцинаның келесі партиясындағы штамм құрамын ауыстыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр".
"Денсаулық сақтау министрлігі бұл қиын жағдайды түсініп, бұрын-соңды болмаған қадамға барады - ДДСҰ-дан кеңес алмай, тұмауға қарсы вакциналар тәжірибесі бойынша, жақын күндері "дельта" штамын ауыстыруға ресми рұқсат беріледі. "Ухан" коронавирусын "дельта" штамына ауыстырамыз, ол өте жақсы нәтиже көрсетті", - деп қосты Закария.
Оның айтуынша, штамды алмастыратын барлық сынақ екі ай бұрын жануарларға жүргізілген. Қорытындылай келе, ғалымдар препаратты сынап көрген.
"Қорғаныстың бірінші бағыты - тәуекелге баратын ғалымдар. Тәуекел үмітті ақтады, жақсы вакцина алынды, ол жақын арада жеткізіліп, шығарылады", - деді Күнсұлу Закария.
Айта кетейік, Қазақстанда QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі аяқталды, нәтижелері шамамен алты айдан кейін белгілі болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!