Қазақстандық рэпер Jah Khalib Ресейдегі концерттеріне қатысты үндеулерге пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 703

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/jahkhalib © instagram/jahkhalib

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылған болатын. Әнші осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылған болатын. Әнші осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Мемлекеттік дума депутаттары Яна Лантратова мен Виталий Милонов әншінің әлеуметтік желідегі жазбасынан мысал келтіріп, "Украина қарулы күштерін ашық қолдағаны" үшін оның концерттерін өткізбеуге шақырған болатын. Ал рэпердің сөзінше, кейінгі кезде дау туғызған бұл жазбасы бір жыл бұрын жазылған.

"Кейінгі күндері мен туралы оқығандарыңыздың бәрі - өтірік. Менің дау туғызған сторисім бір жыл бұрын жарияланды. Бұл қиын сәтте өз бастарын қатерге тігіп, маған және жүктіліктің сегізінші айындағы әйелімнің бомбадан қорғанатын жерден эвакуациялануымызға, Қазақстанға аман-есен жетуімізге көмектескен Украинадағы қарапайым адамдарға арналған ризашылық сторисі болды. Аллаға шүкір, дені сау қызым дүниеге келді. Бір жыл уақыт бойы туған қалам Алматыда тұрып жатырмыз. Менің барлық командам - Ресей азаматтары, Ресейде тұрады. Менің тыңдарманымның көп бөлігі Ресейде тұрады. Мен жақсы көңілмен әрқашан Ресейге барып тұрамын, қуана-қуана концерттер беремін, сұхбаттарға барамын, радиостанцияларға шығамын. Бұл менің Ресей халқына деген деген жақсы қарым-қатынасымды көрсетеді", - деп жазған әнші.

Айта кетейік, "Справедлиявая Россия" партиясының депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен рэпердің "соғысқа қарсы айтқан сөздеріне" қатысты Мәскеудегі концерттерін болдырмауды ұсынған болатын. Бұл туралы ол Telegram-арнасында айтты.

Сондай-ақ, қазақстандық рэп орындаушы 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall және 25 сәуірде Санкт-Петербургте концерті өткізуі керек болған.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концерттерін болдырмау ұсынылғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю