Қазақстандық шекарашылар Ресейден Қазақстанға қару-жарақ пен оқ дәріні алып өтпекші болғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық шекарашылар Ресейден Қазақстанға қару-жарақ пен оқ дәріні алып өтпекші болғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Семей" бақылау-өткізу пунктіндегі "Убе авто" өткізу пунктінің жасағы 29 жастағы азаматты ұстады. Ол арнайы рұқсат беретін қағазынсыз қару-жарақ пен оқ дәріні алып өтпекші болған. Ұсталған қазақстандық азамат Ресейден Қазақстанға Toyota көлігімен келе жатқан.
Көлікті тексеру барысында, автомобильдің жүк салғышынан 3 "АК-47" автоматы мен 49 оқ дәрі табылған. Осы дерек бойынша, Шемонайхин АІІБ полицейлеріне хабар берілген.