Қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда кальян сататын мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кальян сататын мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде кальянды мейрамханалар мен түрлі барларда сатылып жатқанын білеміз. Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ұсынылып отыр. Сондай-ақ заңға жаңа нормалар енгізілмек. Яғни қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында сататын кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз", - деді Гүлнар Сәрсенбаева Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, жаңа норма аясында айппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети