Қазақстандық саясаттанушы ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық саясаттанушы ресейлік депутаттың мәлімдемесіне пікір білдірді Вячеслав Никонов

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Сәтбаевтың айтуынша, ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы мәлімдемесі арандатушы мәлімдеме ғана емес.

"(...) Біз өзімізді құрметтемесек, онда олар бізді құрметтеуді тоқтатады. Дипломатия әлемінде белгілі бір мәселе бойынша өз ұстанымын нақты көрсетудің көптеген құралы бар.

Біздің сыртқы істер министрлігіне Қазақстанға, оның аумақтық тұтастығына, тарихына, тіліне және тағы басқа факторларына арандатушылық және қорлау сипатындағы шабуылдарға жол берген барлық адамның республикамызға келуіне тыйым салуды ресми енгізу сияқты құралдардың бірін қолданатын кез келді.

Арандатушылардың көбі Қазақстанға келмейтіні түсінікті. Жириновский мен Никонов сияқты ресейлік билік өкілдері кіретін тізім құру керек. (...)", - деп жазды ол.

Еске салайық, мұның алдында СІМ ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне жауап берген болатын.

Ал кейін ресейлік депутат мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазған еді ресейлік депутат Telegram-каналында.

Қазақстан жері туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат өз сөзін түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети