Қазақстандық сериалдарды қай елдер сатып алады? Үкіметте айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сериалдарды қай елдер сатып алады? Үкіметте айтылды Фото:depositphotos.com

Қазақстандық сериалдар тек отандық көрермен арасында ғана емес, шетелде де танымал болып келеді. Бұл туралы Top Pro Cinema продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сериалдар тек отандық көрермен арасында ғана емес, шетелде де танымал болып келеді. Бұл туралы Top Pro Cinema продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда сериал өндірісі қарқынды дамып келеді.

"Бұл тенденцияға қазақстандық және халықаралық стримингтік платформалардың белсенділігі айтарлықтай әсер етіп жатыр. Қазір бізде жыл сайын ондаған емес, жүздеген жаңа сериал түсіріледі. Олар телеарналарда жоғары рейтингтер жинап, интернетте миллиондаған қаралымға ие болып отыр. Ең қызығы – қазақстандық сериалдар тек елімізде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие. Осы себепті халықаралық цифрлық сервистер мен медиахолдингтер қазақстандық контентке ерекше назар аударып отыр. Қазір біздің өнімдерімізді Ресей, Қырғызстан, Ирландия, Германия, Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Өзбекстан сатып алып жатыр", – деді Аксютиц.

Оның айтуынша, "Хабар" және "Qazaqstan" телеарналары соңғы екі жылда 30-дан астам сериалды шетелге сатқан, ал олардың халықаралық нарықтағы дистрибуциясын немістің ZDF медиахолдингі өз қолына алған.

скриншот

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети