15 мамыр 2021 | 19:05

Қазақстандық "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппараты кезекті сынақтан сәтті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қорғаныс министрлігі © Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласының маңында отандық өнім "Шағала" барлау ұшқышсыз ұшу авиациялық кешенінің далалық сынақтары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының маңында отандық өнім "Шағала" барлау ұшқышсыз ұшу авиациялық кешенінің далалық сынақтары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Аталған құрылғыны Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірледі.

Қазіргі уақытта бұл аппарат сынақтардың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Ол түрлі ауа райы мен әркелкі жер жағдайларында бірнеше рет сыналып, жақсы нәтиже көрсетті.

"Шағала" ұшу аппаратынан, жер үсті сегментінен тұрады және соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған жүйе. Бұл қазақстандық әскери ғалымдар толық шығарған алғашқы жоғары технологиялық өнім. Жеке бағдарламалық жасақтамасы - оның басты ерекшелігі болып табылады. Аппараттың бірнеше қорғаныс деңгейі бар. Бұл біз дайындаған өні", - деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Ұшқышсыз ұшу аппараты бағыт бойынша ұшуда, жердегі объектілерден ақпарат алып, оны операторға жеткізеді. Барлау авиациялық кешенінің ұшу қашықтығы - 30 шақырым, барынша жылдамдығы - сағатына 110 шақырым, теңіз деңгейінде ең биік ұшуы - 3500 метр. Әуеде екі сағат болып, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде беріктігін сақтайды. Бұл құрылғы отандық бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, сонымен қатар криптографикалық хаттамамен жабдықталған.

"Шағала" ұшқышсыз ұшу құрылғысы техникалық сипаттамасы жағынан шетелдік құрылғылардан кем түспейді, сонымен қоса оның бағасы шетелдік үлгілерден айтарлықтай төмен.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сынақты бақылады. Ол "Шағаланың" қазіргі таңда Қазақстанда әскерлердің оқу-жаттығу кезінде пайдаланатын барлау-ату және барлау-соққы беру кешеніне айналатын элементтердің бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети