26 желтоқсан 2018 | 09:04

Қазақстандық шеберлер Түркияда алып ескерткіш тұрғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Түркияда күллі түркі жұртына ортақ тұлға Көроғлының ескерткіші бой көтерді, - деп хабарлайды "Хабар 24". Бұл туындыны қазақстандық шеберлер жасап шыққан. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда күллі түркі жұртына ортақ тұлға Көроғлының ескерткіші бой көтерді, - деп хабарлайды "Хабар 24". Бұл туындыны қазақстандық шеберлер жасап шыққан. 

Болу шаһарына еңселі ескерткіш үшке бөлшектеліп жеткізілді. Аумағы 5 мың шаршы метрді алып жатқан Көроғлы саябағына орнатылған алып мүсіннің биіктігі - 70 метр. Жалпы Болу шаһарының өзі теңізден 700 метрдей жоғары тұр. Сондықтан көк тіреген тарихи ескерткішті шаһардың қай қиырынан да көруге болады.

Бұл айтулы дүниені жасауға түркі халықтарының сәулетшілері мен мүсіншілерінен талай жоба түскенмен конкурста қазақ жобасы үздік шыққан. Авторы - белгілі мүсінші Мұрат Мансұров пен сәулетші Еділ Түсіпбеков. Олар елімізде бірқатар белгілі жобаларды жасап шыққан. Тізімде Алматыдағы "Тәуелсіздік", Астанадағы "Қазақ елі» монументтері, "Мәңгілік ел", "Қазақ хандығының 550 жылдығы" кешендері барі.

"Болу қаласының басшылығы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірігіп, алғаш рет ашық түрде халықаралық конкурс жариялаған болатын. Бұл текті конкурстар, сәулетшілер мен мүсіншілердің ең үздік туындыны жасап шығуына түркі болады. Конкурстың жеңімпазы ретінде ескерткіштің ең жоғарғы жеңгейде бой көтеруіне бар күш жігерімізді жұмсап отырмыз", - дейді мүсінші Мұрат Мансұров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети