Қазақстандық шенеуніктер букмекерлік кеңселерге бәс тіккені үшін жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шенеуніктер букмекерлік кеңселерге бәс тіккені үшін жұмыстан шығарылды Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Былтыр шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуға жатады.

Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау деректері анықталды.

"Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде "ставкалар" қоюды жүзеге асырған.

Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылған.

"Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети