Қазақстандық сиқыршының есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстандық сиқыршының есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды 24.kz.
Руслан Иванченков (лақап аты - Манкарди) фокусты ғаламтор арқылы үйреніп, өздігімен шеберлігін шыңдаған. Таяуда ол Италияда бірнеше сағат бойы үздіксіз сиқыр көрсеткені үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.
"2015 жылы қазақстандық бір топ сиқыршы Италиядағы сиқыршылардың чемпионатын тамашалауға бардық. Бір орында тапжылмай, рекорд орнатуға іріктеу болып жатыр екен. Мен тәуекел етіп, бел будым. 5 сағат бойына үзіліссіз өнер көрсеттім. Осылайша ойда жоқта Гиннестің рекордтар кітабына кірдім", - деді Руслан Иванченков.
Қазақстанда бірнеше жыл бұрын құрылған фокусшылар клубының әзірге 36 мүшесі бар. "Әр сиқыршы фокустың сырын ешқашан ашпауға өз-өзіне серт береді. Бұл - күн сайын талмай еңбектенуді талап ететін сала. Бізді қаржыландыратын ешкім жоқ. Өз күшімізбен күн көріп келеміз", - дейді Руслан. Оның негізгі жұмысы ғарышпен байланысты. Ол - инженер. Дегенмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қос саланы қатар тізгіндепті.