Қазақстандық спортшы қыз Италияда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы қыз Италияда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті Фото: instagram.com/ab_aigerimm

Қазақстандық дзюдошы және грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадірова Италияда өткен "Miss Europe Continental-2022" сұлулық байқауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы және грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадірова Италияда өткен "Miss Europe Continental-2022" сұлулық байқауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткеннің айтуынша, ол Қазақстан тарихында мұндай беделді байқаудың жеңімпазы атанған бірінші адам.

"Ұйымдастырушылар Италияда өтетін халықаралық сұлулық байқауына шақырғанда ұзақ ойландым, бірнеше келіссөздерден кейін келісімімді бердім. Бала күнгі тағы бір арманым орындалды. Бала кезімнен өмірімде бір сәтсіздік болса ата-анам маған әр нәрсенің өз жақсылығы бар деп айтатын және бұл даналық мені әрқашан тыныштандырып жігерлендіреді", - деді бойжеткен.

Әйгерім байқаудың жоғары деңгейде өткенін, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 60-тан астам ару қатысқанын айтады.

Әбілқадырова грэпплингтен қазақтан шыққан жалғыз әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол теледидар экрандары мен журналдардың мұқабасында жиі көрінетін модель және актриса.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети