Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшелері Парижде COVID-19 вирусын жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшелері Парижде COVID-19 вирусын жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының спортшылармен кездесуі кейінге қалдырылғанын айтқан болатын.
"COVID-19 біздің команданың 3 жүлдегері мен 2 жаттықтырушысынан табылды. Олардың ПТР сынағы оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта олар оқшауланды.
Ем қабылдап жатыр. Аурудың жеңіл түрі. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Құраманың басқа мүшелерінен вирус табылған жоқ", - деді Tengri Sport Қазақстан туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында 7 медаль жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметовтың жалғыз алтыны, гимнаст Нариман Құрбановтың, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраевтің және боксшы Нұрбек Оралбайдың күмісі бар.
Олимпиада ойындарының қоласын Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, сондай-ақ боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Гусман Қырғызбаев жеңіп алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!