Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына жолдама алды ©️ Olympic.kz

Қазақстандық мергендер Париж Олимпиадасына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мергендер Париж Олимпиадасына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің парақшасында айтылды.

Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды.

50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді.

Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға өтті. Сонымен қатар, жерлесіміз Париж Олимпиадасының да квотасын иеленді.

Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Айта кетейік, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети