29 желтоқсан 2021 | 15:48

Қазақстандық стартапқа 1,2 миллион доллар инвестиция құйылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

"Avito Работа" қазақстандық HR Messenger стартапына 1,2 миллион доллар инвестиция құяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Avito Работа" қазақстандық HR Messenger стартапына 1,2 миллион доллар инвестиция құяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Клиенттер тарапынан біз осы салаға сұраныс артқанын көріп отырмыз. Біз HR Messenger-ді таңдадық, өйткені бұл қызмет Ресей мен ТМД-дағы HR-Tech нарығының негізгі өкілдерінің бірі. HR Messenger көмегімен үміткерлер жұмыс берушімен ыңғайлы жерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Екінші жағынан, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру компанияларға бос жұмыс орындарына адам табуға мүмкіндік береді", - дейді "Авито Работа" басқарушы директоры Артем Кумпель.

Кез келген компания бір бос орынға адам алу үшін 50 шақты қоңырау шалады. HR Messenger бұл жұмыс көлемін 5 есе қысқартады. Жұмыс беруші үміткерлермен соңғы іріктеу кезеңінде ғана байланысады.

"Avito Работа" компаниясы әлемнің түрлі елдеріндегі хабарландыру сайттарын біріктіретін, Нидерландтық Prosus (Naspers еуропалық бөлімшесі) компаниясына тиесілі OLX Group бөлігі.

Қазақстандық стартап HR-Messenger Ресей нарығында 3 жыл болды және осы уақыт ішінде HR чат-боттар арасында клиенттер мен жұмысқа орналасқан кандидаттар саны бойынша көшбасшы. Платформа чат боттары мен дауыстық боттарды қамтиды процесс үміткердің жауап беруінен бастап жұмыс орнында бейімделуге көмектеседі. Негізін қалаушы және СЕО - Руслан Абдулганиев. Жобаның инвесторлары - Мұрат Абдрахманов, Chocofamily Holding, I2BF қоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети