26 қазан 2014 | 19:20

Қазақстандық стартаптар Сингапурге аттанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ментор компании JFDI Хью Мейсон. Ментор компании JFDI Хью Мейсон.

"Kazakhstan Go Global бағдарламасы бойынша сайыста үздік атанған қазақстандық бес стартап алдағы уақытта Сингапурге жол тартпақшы", - деп жазады Tengrinews.kz осы шараны ұйымдастырушылардың мәлімдемелеріне сілтеме жасап.
Іріктеліп алынған жобалар Сингапурде 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтетін стартапты жедел дамытудың бағдарламасын игермек. Бұл – қазақстандық бизнестің оңтүстік-шығыс Азия нарығына шығуына кепілдік беретін тұңғыш қадамы.


Иконка комментария блок соц сети

"Kazakhstan Go Global бағдарламасы бойынша сайыста үздік атанған қазақстандық бес стартап алдағы уақытта Сингапурге жол тартпақшы", - деп жазады Tengrinews.kz осы шараны ұйымдастырушылардың мәлімдемелеріне сілтеме жасап.
Іріктеліп алынған жобалар Сингапурде 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтетін стартапты жедел дамытудың бағдарламасын игермек. Бұл – қазақстандық бизнестің оңтүстік-шығыс Азия нарығына шығуына кепілдік беретін тұңғыш қадамы.

Жарыстың жеңімпаздарының бірі - PhoneBooth жобасы. Ол call-орталыққа түскен хабарлардың шығындарын оңтайландырудың мобильді қосымшасын ойлап тапқан. Бағдарламада банктердің, жеткізу және такси қызметтерінің телефондары бар және оларға WI-FI болмаса 3G байланыстары арқылы хабарласуға болады екен.

Тағы бір жеңімпазды атап өтсек, Mobiliuz жобасы. Бұл жиынтық автомобиль құралдарының ғаламторды пайдалануына кең мүмкіндік береді және көлік бортындағы компьютерлік деректерді, яғни көліктің жағдайын көрсете алады. Тіпті, Mobiliuz пайдаланушының көлік жүргізу стилін көрсетіп, жанар-жағармайдың шығынын да есептей алуымен ерекше. Мейлінше тиімділікке қол жеткізу үшін көлікте Mobiliuz-тің құрылғысы болған жөн. Десек те, платформамен жұмыс істеу үшін аталған аппараттың болуы міндетті емес көрінеді.

Сингапурге жолдама алып отырғандардың бірі – WoopPay. Бұл электронды әмиян. Оның көмегімен 500-ден астам қызметтің ақысын төлеуге болады. "Оның барлық жүйесі "ҚР электронды ақша» заңына сәйкес жасалған", - дейді авторлар.
Келесі кезекте VA3S (Video Analytics As A Service) компаниясы. Олар көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін анықтаудың интелектуалды бейне сараптамасын ойлап тапқан. Бұл стартаптың жаңалығы - қызмет көрсетудің негізі "бұлтты технология" екендігінде. Анықтама алу кең көлемді, үзіліссіз жұмыс істеп тұрады және сенімді әрі ресурсты пайдаланушыға көп талап қоймайды.

Жарыс үздіктері Idea-Lab.kz пен Pleaple платформасы. Оны пайдаланушылар өздерінің қарым-қабілеттерін жетілдіре алады, яғни тоқыма тоқуға машықтанып, ғылымды зерттеп, аспаптарды үйреніп, сол сияқты вокалдан, спорттан, т.б. сабақ алам деушілерге бұл жобалар таптырмайтын көмек. Сонымен қатар, мүддесі ортақ адамдардың орта құруларына да тиімді.
Ескерте кетейік, соңғы екі күндік марафон кезінде бұл стартаптар нарықтық және технологиялық қорытынды алады. Сонымен қатар, JFDI Asia компаниясының жетекшілері Алена Аренс пен Мейсонның кепілдемелеріне ие болмақ.

Тағы бір айта кетерлігі, шара барысында Хью Мейсон Сингапур мен Қазақстан арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды тізіп шықты. Бірінші кезекте ол жер көлемін тілге тиек етті. "Әлбетте, айырмашылық жер көлемінде. Алайда халық саны жағынан айырмашылық анау айтқандай көп емес деп ойлаймын. Сингапурде – 5 миллион, Қазақстанда – 16 миллион", - дейді ол.

Ол сонымен қатар, "тәуелсіздік алғаннан кейін екі ел де экономикада зор ілгерілеушілік жасаған", - деп атап өтті. "Қазақстан мен Сингапурдің тарихы тағдырлас: екеуі де еншілерін алған күннен бастап-ақ экономикасын дамытуда үлкен жетістіктерге жеткен. Менің Қазақстанда тұратын бір досым "отандастарым заман көшінен қалмауды көбірек ойлайды" деген еді. Мәселен жастар мен алдыңғы толқынның дүниетанымы екі бөлек. Сингапурде де осы жағдай. Бұл - шынымен де қоғамның дамуына үлкен түрткі", - деп атап өтті ол.

Мейсон Қазақстанның дамуына табиғи бай ресурстардың пайдасының зор екендігін айтып қалды. "екі елдің бір-біріне ұқсамайтын жағы – табиғи байлығы. Сингапур – бұл жағынан кедей ел. Оның капиталы – халқы және бұл елдің сауда порты жақсы дамыған. Демек, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын артықшылығы айрықша", - дейді сарапшы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети