23 қараша 2015 | 09:48

Қазақстандық студент Қытайда болған жол апатынан ауыр жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Амангелдіұлы. © Mandarin Ерлан Амангелдіұлы. © Mandarin

Қытайда оқып жатқан қазақстандық екі студент жол-көлік оқиғасына ұшырап, зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың бірі ауыр жағдайда жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Қытайда оқып жатқан қазақстандық екі студент жол-көлік оқиғасына ұшырап, зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың бірі ауыр жағдайда жатыр. 

Студенттің достарының Mandarin сайтында жариялаған мәліметінде жол апатының 22 қарашада Гуанчжоу қаласында болғаны айтылады. Оңтүстік Қытай Технологиялық университетінің студенттері мопед жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, жолдың жигіне соғысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін Ерлан Амангелді есінен танып қалған. Онымен бірге кетіп бара жатқан студент қыз Наргиза да жарақат алған. Олардың соңынан жүріп келе жатқан тағы екі студент бірінші медициналық көмек көрсеткен. Жол апатының куәгерлерінің бірі қазақстандықтарды ауруханаға жеткізді. 


Ерлан Амангелді

"Ерлан содан бері есін жиған жоқ. Дәрігерлер қарағаннан кейін Наргизаның денесінің көгеріп қалғанын, ісіктерінің барын, бірақ ауыр жарақат алмағанын анықтады. Ал Ерланға дәрігерлер бірінші отаның паллиатив кезеңін жасау керек деген шешім жасады. Операция шамамен екі сағатқа созылды. Бірақ Ерланның жағдайы әлі де ауыр, дәрігерлердің айтуынша, бассүйек миына операция жасалады", - делінген хабарламада. 

Операцияның құны, емі және кейінгі күтімі 200 мың юань (30 мың доллар) тұрады, күн сайынғы шығыны - 5000 юань. Зардап шеккен студенттердің достары көмек сұрайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети