12 мамыр 2017 09:51

Қазақстандық студент Швецияда беделді жүлдеге ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық студент Швецияда беделді жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісінде жазды.  


Қазақстандық студент Швецияда беделді жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісінде жазды.  

"Тұңғыш рет Қазақстаннан келген студент Адина Хамитова шведтің Global Swede Award 2017 беделді жүлдесін иеленді. Отандасымызды бұл жүлдеге Швецияның ең ірі әрі Еуропадағы ең ірі медициналық университеттерінің бірі Каролин институты ұсынған. Ол академиялық жетістіктері мен халықаралық қатынастардың дамуы мен инновациясына үлес қосқаны үшін шетел студенттерінің ішінде үздік болды", - деп жазды Жайнақов. 


© facebook/Әнуар Жайнақов

Оның мәліметінше, осыған байланысты арнайы салтанатты шара таяуда Швецияның Сыртқы істер министрлігінде өткен. Адина Хамитоваға Еуропа одағы және сауда істері жөніндегі министр Анна Линде жүлдені табыстаған. 

Адина Хамитованың Каролин университетінің магистратурасында "Денсаулық сақтау, саясат және менеджмен экономикасы" мамандығы бойынша 2015 жылдан бері оқып жатқаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети