"Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде тіркелуі міндетті.
Сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтер мен бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізіледі.
Көрсетілген мерзімдерден кейін өндірілген немесе импортталған барлық өнім тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Әрбір тауар бірлігіне айналымға енгізілгенге дейін Data Matrix коды енгізілуі қажет.
Сыра өндірушілері мен импорттаушылары сілтеме арқылы өнеркәсіптік стендте тіркеуден өте алады. Тіркеу үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба, ұйым туралы өзекті деректер (БСН/ЖСН, атауы, байланыс мәліметтері), сондай-ақ ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін орнатылған NCALayer бағдарламалық қамтамасыз етуі қажет.
Кезең-кезеңімен тіркелу
Басты бетте тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту қажет. Міндетті жолдарды(атауы, байланыс деректері, мекенжайлар) толтырғаннан кейін пайдалану шарттарыменкелісімді растау және өтінімді жіберу керек.
Одан кейін қосылу туралы келісімге қосылу жөніндегі өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қоюқажет, ал қажет болған жағдайда таңбалау кодтарын алу туралы шартқа да қол қоюғаболады. Тіркеліп болған соң үш жұмыс күні ішінде көрсетілген электрондық поштамекенжайына құпиясөз орнатуға арналған сілтемесі бар растау хаты келеді.
Пайдаланушы тіркелгісін іске қосқаннан кейін пайдаланушылар жеке кабинетке қолжеткізеді. Онда таңбалау мен өнімді қадағалау үшін қажетті атауы, көлемі, құрамы және басқа да сипаттамалары көрсетілген тауар карточкаларын жасауға және өңдеуге болады.
Таңбалау не үшін қажет
Цифрлық таңбалау сыраның қозғалысын ашық етуге, өндіріс пен импорт көлеміне бақылауды күшейтуге, заңсыз өнім айналымын төмендетуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді келешекте таңбалаудың арқасында бизнес үшін бірқатар артықшылықтар қалыптасады: таза нарық үлесінің артуы, логистика мен маркетингке шығындарды оңтайландыру, өндіріс көлемін дәлірек болжау мүмкіндігі. Мемлекет үшін негізгі тиімділік – сыра өнімдерінің заңсыз айналымының азаюы және салық түсімдерінің ұлғаюы.