03 шілде 2016 | 12:19

Қазақстандық тағы бір журналист ауыр сырқаттан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com © facebook.com

Қазақстандық журналист Ольга Козлова (Латынина) қайтыс болды. Бұл туралы оның достары Facebook әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Латынина "Хабар" агенттігінің ақпарат қызметін басқарған.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық журналист Ольга Козлова (Латынина) қайтыс болды. Бұл туралы оның достары Facebook әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Латынина "Хабар" агенттігінің ақпарат қызметін басқарған.

Туыстарының айтуынша, ол онкологиялық аурумен ауырған.

"Бүгін тікелей эфир алдында жүзі жарқын, ең адал, ең қайырымды жан Ольга Семеновна Латынинаның қаза жайлы естіртті... Ольга Семеновна ең жақсы шефім болып қала береді, ол қайсыбір жағдай болса да күлімсірейтін, тілшілердің көңілін басып, әрбір жеке адаммен қалай сөйлесу керек екенін білетін... Ольга Семеновна әрбір адамға құрмет көрсете білетін... Бірде-бір ауыз жаман сөз, ескерту, сын, өткір әрі көңілге тиетін сөз естімеппін. Ольга Козловамен әңгімелесу, жұмыс істеу және дос болу ұнайтын, тіпті сондай адаммен жолымыздың бір болғанына, осындай тамаша адамның басшылығымен жұмыс істегеніме мақтанамын", - деп жазды тележүргізуші Талғат Құспаев.

Журналистің қазасы жайлы "Хабар" агенттігінің бұрынғы тележүргізушісі Айгүл Мүкей де естіртті. 

Әріптестерінің айтуынша, Ольга бір кездері ауыр дертті жеңіп шығыпты, шетелде емделген. Алайда онкологиялық ауру қайта асқынып, ол қайтыс болыпты. Жерлеу рәсімі бүгін, 3 шілдеде өтті. 

Еске салайық, осыған дейін журналист Лейла Бабаеваның қатерлі ісіктен қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ал наурыз айында тағы бір журналист Азамат Қалымбетов қайтыс болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети