Nomad Stunts командасының өкілі қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Nomad Stunts командасының өкілі қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның дүниеден озғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Каскадерлар командасының менеджері Евгения Лидің айтуынша, 34 жастағы жігіттің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. "Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсетеді", - деді Евгения Ли.
Қасым Жұмағожин қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдерде ойнаған. Еңбең жолын 2005 жылы "Көшпенділер" фильмінен бастаған. Сол жылы ол Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор" мильміне түскен.
Сондай-ақ ол мынадай фильмдерге түскен:
"Волкодав из рода Серых псов" (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей);
"Махамбеттің қылышы" (2006), режиссер Сламбек Тәуекел (Қазақстан);
"Код апокалипсиса" (2007), режиссер Вадим Шмелев (Ресей);
"Рэкетир" (2007), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
"Мұстафа Шоқай" (2008), режиссер Сатыбалды Нарымбетов (Қазақстан);
"Қош бол, Гүлсары!" (2008), режиссер Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан);
"Секер" (2009), режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан);
"Байқоңыр" (2011), режиссер Файт Хелмер (Ресей, Германия, Қазақстан);
"Конан - Варвар" (2011), режиссер Маркус Ниспел (АҚШ);
"Семь майских дней" (2011), режиссер Ермек Турсунов (Қазақстан, Ресей);
"Вендетта по-русски" (2011), сериал, режиссер Олег Туранский (Ресей);
"Жаужүрек мың бала" (2012), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
"Неудержимые-2" (2012), режиссер Саймон Уэст (АҚШ);
"Джокер" (2013), режиссер Талгад Жаныбеков (Қазақстан);
"47 ронинов" (2013), режиссер Карл Ринш (АҚШ);
"Ограбление по-казахски" (2014), режиссер Кайыржан Орынбеков (Қазақстан);
"Марко Поло" (2014), сериал, 1-маусым, режиссерлары Дэвид Петрарка, Джон Мэйбери, Даниэль Минахан (АҚШ);
"Весь мир у наших ног" (2015), режиссер Саламат Мұхаммед-Әли (Қазақстан, АҚШ);
"Анаға апарар жол" (2016), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
"Викинг" (2016), режиссер Андрей Кравчук (Ресей);
"Коловрат" (2017), режиссер Иван Шурховецкий (Ресей);
"Тобыл" (2018), режиссер Игорь Зайцев (Ресей);
"Балуан Шолақ" (2018), режиссер Нұрелді Сәдіғұлов (Қазақстан).
Қасым Жұмағожин спорттық гимнастикадан спорт шебері болған. Ижевск қаласында өткен цирк өнері халықаралық байқауында "Алтын аю" сыйлығының иегері.