03 мамыр 2022 15:13

Қазақстандық танымал суретші Жан-Клод Ван Даммға картинасын сыйға тартты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстандық танымал суретші Кәріпбек Күйіков Жан-Клод Ван Даммға сұңқар бейнеленген картинасын сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал суретші Кәріпбек Күйіков Жан-Клод Ван Даммға сұңқар бейнеленген картинасын сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәріпбек Күйіковтің картинасын америкалық актер әрі режиссер Жан-Клод Ван Даммға қазақстандық актер Дәуіт Шайхисламов табыс етті. Ван Дамм суретшіге алғыс білдіріп, оның таланты мен сурет салу тәсілін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқына сәлем жолдады. Сұңқардың суретін ұстаған актердің видеосын Кәріпбек Күйіков Instagram-парақшасында жариялады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karipbek Kuyukov (@karipbek_kuyukov)

"Достар, өмірімде мақтаныш сезімі шегіне жететін сәттер болады, бұған Дәуіт Шайхисламов, Әлихан Жарылғапов және Ермекжан Өсіпбеков себепкер. Олардың күш-жігері арқасында Жан-Клод Ван Даммен кездесу құрметіне ие болдым. Менің бір туындым осы атақты актердің коллекциясына енгенін мақтанышпен айта аламын. Негізі, қарапайым адаммын, бірақ өз кумирімнің назарына іліктім", - деп жазды суретші парақшасында.

Кәріпбек Күйіков – ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белгілі халықаралық белсендісі, "Атом" жобасының құрметті елшісі. Ол 1968 жылы Семей полигонынан жүз шақырым жердегі Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети